Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынған болатын. Сенаторлар Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын мақұлдады. Ол ант қабылдады. Еске сала кетсек, Жақып Асанов 2017 жылы желтоқсанда Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалған еді.