ТikTok-ғы «әзілі» үшін қызылордалық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 26 жастағы әйел «500 мың төлемесеңдер пәтерді босатыңдар деген соң, каналда түнеуге мәжбүрміз» деген видеоны TikTok-қа жүктеген. Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүмыстарын жүргізіп, ақпараттың жалған екенін анықтаған. Шын мәнінде, ол отбасымен жеке үйде тұрады екен және табиғат аясында демалып отырғанда видеоны әзілдеп түсіріп желіге жүктеп жіберген. Мыңдаған адамның назарын аударған жас әйелдің бұл қылығы үшін оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.