Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқиға Шу қаласында болған. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстіне тұрған адамдарды байқайды. Бірнеше мәрте дабыл белгісін басып, ескерту жасайды. Алайда, бұл мас күйдегі бір топ жігіттің наразылығын тудырған. Олар полицейдің өзін соққыға жығып астындағы қызметтік көлігін мініп кеткен. Күдіктілер жедел іздестіріліп, ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары болып шықты. Полицейдің қызметтік көлігі соғылған күйде табылды. Қазір келген шығын көлемі анықталып жатыр.