Polisia.kz басылымының мәліметінше, ер адам Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтірген. Шабуылдан кейінгі кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бетінен ұрғаны белгілі болды. Содан соң сол көшеде орналасқан тағы екі пәтерге кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Соңғы азаматшаның үйіндегі жолдасы ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Шұғыл полиция қызметкерлері 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды.