Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілген. “Есептік қарқындылығы нақтылануда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ”, – делінген хабарламада.