Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін қабырғасында жарық пайда болған ғимараттардың саны артты.
Бүлінген нысандарды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аралап көрген, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.”Арнайы комиссия облыс әкімінің тапсырмасы бойынша келтірілген шығынды анықтау жұмыстарын жүргізеді. Оның құрамына Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының өкілдері кіреді.Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда 03:42-де Жамбыл облысында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Тараз, Шу қаласы мен бірақтар ауданда сезілген. Әсіресе Меркі (күші 5 балл), Құлан аудандарында (4 балл) қатты сезілген.