Жанқош Тұраровтың әйелі боксшының “қыз зорлады” деп айыпталуына қатысты мәлімдеме жасады. Ол ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр деп, бұл ақпараттың жалған екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат “Письма президенту” телеграм арнасында тарады. Алматының Полиция департаменті бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді. Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. “Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында. Ал Жанқош Тұраров болса бұл қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын дейді.