Жанар-жағармай үстіне баға қойып сатқандар табысының 80 пайызын мемлекет алып отырады

Жанар-жағармай үстіне баға қойып сатқандар табысының 80 пайызын мемлекет алып отырады. Ұлттық экономика министрлігі жанармай саудасына қатысты жаңа қаулы дайындады. Заң күшіне енсе, мұнай өнімін өндірушілер мен сатушыларға қосымша салық ретінде салынып жүрген акциз мөлшері көбеймек. Демек баға өсетін болса, оған қосымша акциз салынады. Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева осылай дейді. Министрлік жанармай қымбатшылығының салдарын осылай жеңілдетпек. Акциз түрінде бюджетке түскен қаражат кейін жәрдемақыны, зейнетақы мен бюджетке жұмыс істейтіндердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді деген жоспар бар. Ал экономистердің пікірінше, бұл бензин мен дизельдің инфляциясына әкелуі мүмкін. Қос кетейік, әзірге жанармай нарығында бағаның өскені, не түскені байқалмады. Десе де, бұған дейін “ҚазМұнайГаз” бензин мен дизель отынының бағасын көтергенін айтқан едік.