Ұлттық экономика министрлігі осылай деп мәлімдеді. «Мемлекет басшысы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасын 180 күн мерзімге мемлекеттік реттеуді енгізуді тапсырды. Министрлік мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы бұйрықты бекітті. Баға сараланып белгіленетіндіктен, әр өңірде әр түрлі болуы мүмкін», -деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.