Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. «Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген. Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн.теңге материалдық залал келтірген. Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол пробациялық бақылауға алынды.