Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді. Токио демографиялық дағдарыспен күресудің осындай жаңа әдісін ойлап тапты. Себебі елде халық тез қартайып, жастар жұмыс бастылықтан бала жоспарлауға уақыт таппай жатыр. Аптасына төрт күн ғана жұмыс істеу ережесі әйелдердің жауапкершілігін жеңілдетуге және халқы тез қартайып жатқан елдің туу көрсеткішін арттыруға бағытталған. Реформа аясында қызметкерлер бала күтіміне байланысты жартылай демалысқа да шыға алады. Бұл бастама жұмыс күнін екі сағатқа қысқартады.