Білім саласында тағы жемқорлық. Бұл жолы Қаржы мониторинг агенттігі «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». Дәл қазір аталмыш істі агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеп жатыр. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болатын.