Жасөспіріммен жыныстық қатынасқа барған тұрғынның әрекетіне алқабилері араша түсті

Жасөспіріммен жыныстық қатынасқа барған тұрғынның әрекетіне алқабилері араша түсті.
12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа барған тұрғынның әрекетіне алқабилері араша түсті. Батыс Қазақстан облысында сотқа қатысқан олар Анатолий Марченконың әрекетін ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатқызуға ықпал етті.

Алқабилердің сараптауынша, сотталушы күш қолданбаған, зорлық әрекеттеріне бармаған, жасөспіріммен ерікті түрде жыныстық қатынас жасалған. Алқабилер көпшілік дауыспен жәбірленуші өзінің дене және психикалық дамуына сай өз әрекетін түсіне білген, жыныстық қатынас оның келісімімен жасалған деген қорытындыға келіпті.

Бір қызығы, алқабилердің шешімі жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Судья бұған ықпал жасай алмайды екен. Еске сала кетейік, Анатолий Марченко Қылмыстық кодекстің жас баланы зорлау бабы бойынша айыпталған болатын. Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы 12 жастағы жәбірленушінің жас болуын және өз іс-әрекетінің мәнін түсінбейтінін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа барған делінген. Десе де, көпшіліктің дауысымен сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.