Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осылай деді. «Бүгінгі мемлекеттік қызметтің 93%-ы электронды түрде көрсетілсе, 50 млн анықтама мүлдем алынып тасталды. Себебі біз ақпараттық жүйелерді біріктіріп, мемлекеттік мекемелерге анықтама сұрауға тыйым салдық», – деді министр «Digital Almaty» форумында.