Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында коронавирустың жаңа “омикрон” штамы кімдер үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Шорановтың сөзінше, адамзат екі жылға жуық уақыт коронавирус пандемиясы жағдайында өмір сүріп келе жатыр. “Бұл вирус әлемнің бір нүктесінен екіншісіне 24 сағат ішінде таралуы мүмкін. Сондықтан шараларды тез арада қабылдау маңызды. Әрине, біз “омикронның” Қазақстанда пайда болуына 100 пайыз тосқауыл қоя алмаймыз, бірақ біз осы вирустың бір мезетте көптеп таралуын барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдауға тиіспіз”, – дейді ол.