“Жасыл” аймақтағы мешіттерге бес намазға рұқсат етіледі. Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов осындай жаңа қаулы жариялады. Қаулыға діни нысандар жұмысына қатысты толықтыру енгізілді. Бұл өңірдің коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты. “”Қызыл” және “сары” аймақтағы діни нысандарда адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады. “Жасыл” аймақтағы мешіттерде сыйымдылық 30 проценттен және адам саны 100-ден аспауы тиіс” делінген қаулыда. Жұма намаз тек ауыл мешіттерінде ғана өтеді. Келушілер саны ғимарат сыйымдылығының 25 процентінен көп болмауы керек.