“Жасыл даму” басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады. Ақпарат расталмас бұрын, әлеуметтік желілерде Саматқызының қызметінен кеткені туралы қауесет тараған еді. “Биыл 1 ақпанда “Жасыл даму” басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз”, – деді Олжас Беркінбаев.