Бүгін жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталғандықтан Нұр-Сұлтанда автокөлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болды, – деп хабарлайды “Атамекен Business” телеарнасы. Телеарна түсірген видеодан ондаған адамның салон алдында кезекте тұрғаны байқалады. Видеода Нұр-Сұлтандағы жағдай көрсетілген. “Тұран көшесіндегі KIA салонында сол маркалы көліктер ендігі жоқ, тек JAC қалған. Тұрғындар көршілес тұрған Chevrolet салонына бара жатыр. Адамдар сыртта кезекте тұр. Ішке 10 адамнан кіргізіп жатыр”, – делінген телеарна хабарламасында.