Марат Ахметжанов ай сайынғы жалақысын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Жасыратын ештеңе жоқ, мен оны осы қызметке келген кезде айтқанмын. Бүгінгі таңда менің жалақым – 1 миллион 200 мың теңге”, – деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қазақстандық шенеунік ай сайынғы жалақысын атады. Атап айтқанда облыс әкімдерінің айлығы шамамен 1 млн 900 мың теңге екендігі белгілі болды. Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шамамен 900 мың теңге жалақы алады.