Жемқорлық үшін сотталған қазақстандықтар енді мерзімінен бұрын шыға алмайды. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. “Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырдым”, – деп жазды Тоқаев. Президент ұсталған шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімінің де бар екеніне ерекше тоқталды. Бұны ел президенті “өте қауіпті симптом” деп атады.