Жергілікті полиция қызметі таратылады

Жергілікті полиция қызметі таратылады. Бұған аталған қызметтің өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдей алмағаны себеп. Жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналды, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері болған. Бұл қызмет өзіне жүктелген негізгі міндеттерді, яғни қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау, құрылыс қалдықтарын шығару сынды екінші кезектегі шаруамен айналыса бастаған.Енді Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасы базасында екі жаңа басқарма құрылады. Олар: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармалары. Әр қызмет өзінің тікелей міндеттерімен айналысады.Сонымен қатар, көлік полициясы бөлімшелерін ретке келтіру мақсатымен “желілік” деген термин “көлікте” деп өзгертіледі. Ал әскери-тергеу органдары ішкі істер органдарының аумақтық құрылымынан алынып тасталады, себебі олар ІІМ құрамындағы дербес бөлімше.. Бұған аталған қызметтің өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдей алмағаны себеп. Жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналды, табиғатты қорғау полициясы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері болған. Бұл қызмет өзіне жүктелген негізгі міндеттерді, яғни қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау, құрылыс қалдықтарын шығару сынды екінші кезектегі шаруамен айналыса бастаған.Енді Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасы базасында екі жаңа басқарма құрылады. Олар: құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармалары. Әр қызмет өзінің тікелей міндеттерімен айналысады.Сонымен қатар, көлік полициясы бөлімшелерін ретке келтіру мақсатымен “желілік” деген термин “көлікте” деп өзгертіледі. Ал әскери-тергеу органдары ішкі істер органдарының аумақтық құрылымынан алынып тасталады, себебі олар ІІМ құрамындағы дербес бөлімше.