“Жетісу” футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңгеге тең бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Дөңсебаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салына отырып, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Үкім заңды күшіне енді.