Жетісу облысындағы сарбаз өліміне қатысы құрлық әскерлері қолбасшылығы пікір білдірді. Қаңтардың 14-і Сарыөзек гарнизонында қатардағы әскери қызметкердің қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу нәтижесінде өлімге әкелетін жарақат алған. Оқиға жауынгерлік даярлық бойынша далалық оқу-жаттығу сабақтары барысында болған. Мұны ведомство өкілдері растады. “Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен жағдайлары анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істейді”, – делінген хабарламада. “Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деп толықтырды қолбасшы.