Жезқазғанда «Қазақмыс» төрағасы жұмысшылармен кездесті. Кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Жалақыға байланысты жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасы жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы және жалақыны 15,6%-ға индекстеу ұсынылды.