Елімізде 160 мың жас өрен «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларымен, сондай-ақ 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қолдау гранттармен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Экономикаға нақты қажетті кадрларды даярлауға басымдық беріледі. 7-сыныптан бастап мамандық таңдауға баулитын, «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі. Сонымен қатар колледждер жанынан студенттерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін 100 шағын кәсіпорын ашылады. Вице-премьер Ералы Тоғжанов елімізде алғаш рет жоғары оқу орындары студенттері үшін таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін 100-ден аса карьералық орталық құрылатынын айтты. Қазіргі таңда еңбек нарығында жұмыс істеп жүрген халықтың 60 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жоқ. Тың жобаға Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек жетекшілік етеді.