Жылқы ұрлаған қылмыскер 8,5 жылға сотталды

Алматы облысында жылқы ұрлаған қылмыскер 8,5 жылға сотталды. Ол жергілікті тұрғынның 30 бас жылқысын айдап кеткен. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігі мәлімдеді. Былтыр қыркүйек айында ауыл азаматы малының табылмауына байланысты аудандық полиция бөліміне арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бір үйір жылқының Жамбыл облысы, Меркі ауданына сатылғаны анықталған. Сәйкесінше барымташы да ұсталған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңге.