Жылдық базалық мөлшерлеме төмендеді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мамандар жылдық инфляция біртіндеп төмендейтінін жеткізді. Маусымда айлық инфляция 0,4%-ға дейін баяулады. Бұл орташа тарихи мәндерден төмен көрсеткіш. Қаржы нарығының кәсіби қатысушылары жыл қорытындысы бойынша бұрынғыға қарағанда төменірек инфляцияны күтеді. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім енді 29 тамызда жарияланады. Ал банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев Ұлттық банк пен Үкімет етене жұмыс істеу керек деген пікірде. Себебі көп жағдайда базалық мөлшерлеме төмендегенде, инфляция шегі қоса түспейді.