Жынысты тегін ауыстыратыны жайлы ақпарат желіні дүрліктірді: министрлік не дейді

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тараған жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешқандай қаулы шықпаған”, – деді баспасөз қызметінің мамандары. Осы орайда министрлік қызметкерлері кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне жыныс ауыстыру отасының кірмейтінін де айта кетті. Ведомство кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.