Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып 12 млн теңге пара талап еткен

Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып 12 млн теңге пара талап еткен. Түркістан облысының тұрғыны өзін арнайы қызмет қызметкері деп таныстырып, 12 млн теңге пара талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Ол 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. «Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі. ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды», – делінген ақпаратта.