Оқу ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған. Педагогтерді аттестаттауда құжаттарды тапсыру автоматтандырылады. Енді педагогтердің барлық мәліметі «Педагог портфолиосы» модулінде электронды күйде жинақталады.