1 сәуірден бастап педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа модулі іске қосылады

Оқу ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған. Педагогтерді аттестаттауда құжаттарды тапсыру автоматтандырылады. Енді педагогтердің барлық мәліметі «Педагог портфолиосы» модулінде электронды күйде жинақталады.