Қазақстанда 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жүргізушілерге жазғы доңғалақпен жүргені үшін айыппұл салынады. Елімізде бірнеше жыл бұрын қыс мезгілінде жазғы доңғалақпен жүруге тыйым салынды. Жазғы доңғалақпен жүргендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2021 жылы бұл сома – 14 585 теңге, 2022 жылы – 15 315 теңге). Айта кетері, полицейлер көлігінің доңғалағын ауыстырмағандарға тек қыстың үш айында айыппұл сала алады, қалған уақытта ескертумен шектеледі. Айыппұлдан бөлек, мұндай көліктің иесі доңғалақты ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірінен айырылуы мүмкін. Қазақстанда сыртында тау шыңының, ал ішінде қар түйіршіктерінің белгісі бар және “М+S”, “M&S”, “M S” белгілерімен таңбаланған шиналар “жарамды” қысқы шина болып есептеледі.