Алматы тұрғыны 2,6 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Алматы тұрғыны заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының аумақтық департаменті заңсыз қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысты қылмыстық әрекет жасаған ер адамға қатысты соталды тергеуді аяқтады. Тергеу барысында күдіктінің 2017 жылдың аяғынан 2020 жылға дейінгі аралықта бақылаудағы төрт компания арқылы жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеден аса сомаға жалған бухгалтерлік құжаттарды беру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметін көрсеткені анықталды. Ол бес жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.