12 қаңтарда 890 адам Covid пен пневмонияға шалдықты, 12 адам қайтыс болды

12 қаңтарда Қазақстанда 766 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталды. 124 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 8 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 164 477 адамға жеткен.