Дариға Назарбаева “Нұр Отан” атынан депутат болады

“Нұр Отан” партиясы ресми сайтында мәжіліске баратын 76 депутаттың тізімін жариялады. Тізімге Дариға Назарбаева да енген. Бұдан бөлек “Нұр Отан” тізімінде қазіргі мәжілістің спикері, Нұрлан Нығматуллин; мемлекеттік газеттерде бас редактор болған журналист Жанарбек Әшімжан; партияның жастар қанаты “Жас Отанды” басқарған Елнұр Бейсенбаев; жастар атынан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған 25 жастағы Мәди Ахметов; алтыншы шақырылым депутаттары Бекболат Тілеухан, Бақыт Смағұл және Геннадий Шиповских бар. Сондай-ақ “Нұр Отан” атынан партия жақтастары лигасының жетекшісі Ерлан Сайыров, саясаттанушы Айдос Сарым, Назарбаевтың алдында өлең оқыған ақын Мақпал Тәжмағамбетова (Мақпал Мыса) да депутат болмақ.