Оған сәйкес: Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. . Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі. Көпшілік жерде маска тағу және арақашықтық сақтау маңызды. Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирусқа байланысты Солтүстік Қазақстан облысында екі аудан орталығының карантинге жабылған болатын.