Қырғызстанның жаңа сайланған премьер-министрі кейбір депутаттар Алматыға қашып кетті деді

Өз ойын Садыр Жапаров Жогорку Кеңештің кезектен тыс отырысында жеткізген. Бұл туралы, KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Оның айтуынша, 6 қазанға қараған түні болған оқиға төңкеріс емес. “Төңкеріс – бұл билікті басып алу. Ондай кезде президент және өзге де легитимді органдар елден қашады. Бізде билік халық толқуы кезінде ауысты, бірақ бұл заңды жолмен орын алды.

Бар мәселе парламент депутаттарының қашып кеткенінде”, – деді Қырғызстанның жаңа премьер-министрі. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, оның бұл сөзі жиынға қатысқан депутаттардың шамына тиген. Халық қалаулылары ескерту жасағаннан кейін Жапаров сөзінен жартылай бас тартуға мәжбүр болыпты.