13 маусымнан бастап Алакөл жағалауында демалуға болады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Қазір ондағы демалыс орындары қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған дейін бұл аумақта 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында.
“Жағдай күрт өзгермесе, шомылу маусымы уақытында ашылады” деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Былтыр Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне 2 миллионнан астам турист келді. Оларға 200 – ге тарта демалыс орны қызмет көрсетті.
«Алматы – Өскемен» тас жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, облыс орталығы Талдықорғаннан көл жағалауына күніне 4 рет ұшақ қатынайтын болады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да ішкі әуе рейстерінің көмегіне жүгінсе болады. Одан бөлек Алакөл ауданының үстімен өтетін пойыздарға қосымша вагондар шығарылады.