15 шілдеге дейін 20 адамнан асатын ұжымдарға вакцина салдыру міндетті. Бастапқыда бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысында осылай жазылған еді. Кейін “ИП” жеке кәсіпкерлік ашқан және жалғыз өзі істейтін кәсіпкерлер де екпе салдыруға міндеттелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айутынша, белгіленген уақытқа дейін екпе алмаған жұмысшылар мен жұмыс берушілер әкімшілік жауапқа тартылады. Бірақ шағын, орта және ірі кәсіпорындардың жұмысшыларына айыппұл салынбайды. Жалпы айыппұлдың көлемі жеке тұлғаларға – 14 585 теңге. Лауазымды адамдарға – 43 755 теңге. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 291 700 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 583 400 теңге шамасында болады. Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл көлемі бір жарым миллионға жуықтайды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысанның қызметін тоқтатуы да мүмкін.