Алматыда вакцина алғандарды кадр бөлімі арқылы тексереді

Алматыда вакцина алғандарды кадр бөлімі арқылы тексереді. Барлық қызметкерді жеке тексеру болмайды, жұмыстарына кедергі жасалмайды. Цифрлық технологияларымыз бұл жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, тексеруді аурухана эпидемиологтары жүргізеді. Және бақылау пункттері бар. “15 шілдеден кейін мониторингтік топтардың жұмысы бас санитария дәрігерінің барлық контингентті вакциналау туралы 31-ші қаулысының орындалуын бақылауға бағытталады. Ішінара тексерістер болады”, – деді бас санитария дәрігері.