Қазақстанда өткен тәулікте 2443 адамның анализінен коронавирус анықталды. Алматыда – 651, Нұр-Сұлтанда 398 науқас тіркелген. Аймақта тәуліктік көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы (245) мен Алматы облысы (200) алда тұр. Сейсенбі, 4 мамырда 43 адам көз жұмған: 37 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Бір күнде 177 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 2020 жылдың наурыз айынан бері 334 812 адамның коронавирус тесті оң шыққан.