WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламасы бар Tengrinews.kz жаңалығының скриншотты таралып жатыр. Қашықтан оқытуға көшу туралы хабарламалар фейк, ал скриншот қолдан жасалған. Шын мәнінде, таратылған сурет өңделген. Қашықтан оқыту форматына көшу туралы хабарламадағы қаріп жаңалықтар порталында қолданылатын қаріптен ерекшеленеді. Сонымен қатар, хабарламада стилистикалық қателер бар деп хабарлайды stopfake.kz. Онлайн оқыту форматына көшу туралы ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де жоққа шығарды. “Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балалар офлайн режимде оқуда және оқуын жалғастырады. Егер сыныпта коронавирус инфекциясын жұқтырған оқушы анықталса ғана, сол сынып екі апталық карантинге жіберіледі. Мектептегі қалған барлық оқушы оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады”, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.