Тоқаев Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды

Хаб Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізумен айналысады. Ауғанстан тап болған өзекті гуманитарлық және экономикалық проблемаларды шешу үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз. Бұл қадам ұйымның өңірдегі өткір проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметін үйлесімді толықтыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Тағдыршешті тарихи сәтте Ауғанстанның көпұлтты халқы бұрын-соңды болмаған қиындықтарға қарамастан жалғыз қалмауы тиіс, – деді Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде.