Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. «247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген. Биыл – 222 млрд теңге, келер жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы – 557 млрд теңге.Осы жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. Ал орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы – 173 мың теңге. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді”, – деді министр.