Қазақстанда тағы 2 440 адамның коронавирус тесті оң шықты. Бейсенбі күні Алматыда – 717, Нұр-Сұлтанда – 446 науқас тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 сәуірде 104 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сәрсенбі күні 22 адам өлімі тіркелген. 19 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.