Рамазан айы қарсаңында елорда дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады

“Қоғам үшін маңызды діни мереке – қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Қаланың барлық тұрғынынан мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың рухани, діни көзқарасына құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді”, – деп ескертті қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова. Бас дәрігер қала тұрғындарына шектеу шараларын сақтауға және ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде жиын өткізбеуге кеңес берді. “65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында. Осыған байланысты қасиетті ай кезеңінде ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады”, – деді. Еске салайық, биыл Рамазан айы 13 сәуірден 12 мамырға дейін жалғасады.