Енді қазақстандықтар нотариалдық қызметтер кезінде электронды жеке куәліктерді пайдалана алады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлімдеді. «Бір апта ішінде «E- нотариат» және eGov mobile ақпараттық жүйелерін интеграциялау аяқталады», – деді вице-министр. Электрондық жеке куәлік eGov mobile қосымшасында қолжетімді болады. Оны алу үшін ЭЦҚ болу керек және eGov порталында ұялы телефон нөмірін тіркеу қажет.