3 миллион қазақстандықтың ғана банктерде қарызы жоқ

Несие тарихының деректер базасы осыны көрсетті. Бірінші кредиттік бюрода қазақстандықтардың қарызы туралы, оның ішінде ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыз бойынша барлық ақпарат сақталады деп хабарлайды “Хабар 24” телеарнасы. Былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен 43%) тіркеді. Қазақстандықтардың тұтынушылық қарыз сомасы 5 триллион теңгеден асады. Бюро мәліметінше, жалпы портфельдегі ипотекаға 3 триллион теңгеден аса қаржы тиесілі. Автонесиелеу триллион теңгеден асады. Былтыр 65 пайыздан аса қазақстандық автокөліктерді процентпен алған.