Тауық жұмыртқасының бағасы Фаберже бұйымынан да қымбат

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халықты бағаның өсуінен қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрады. Ол бұл мәселе бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz. Депутаттың айтуынша, ең қажетті азық-түлік тауарларының бағасы дүниежүзі бойынша екі есеге өскен. Бұл үрдістен ең алдымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар зардап шеккен. Депутат осы экономикалық ахуал ретке келгенше, отбасылық жағдайы нашар азаматтарға отандық азық-түлік өнімдерін алуға тегін азық-түлік карталарын енгізуді және сандық әлеуметтік әмиян ашуды ұсынды.