Елде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 35 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын 20 мың тонна қара алтынды заңсыз тасымалдаушыларды анықтады. Президент тапсырмасы бойынша мұнайды көрші елдерге заңсыз сатумен айналысатын ұйымдасқан топтарға қарсы күрес жүріп жатыр.